jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қызықты статистика: елімізде Абай есімді 9 әйел адам тұрады

жеке куәлік
Жаңа үлгідегі жеке куәлік. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде Абай есімді қанша адам тұратыны белгілі болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Абай есімі ерлерге ғана емес, әйелдерге де қойылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

10 тамызда елімізде Абай күні аталып өтеді. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы ұлы ақынның есіміне қатысты қызықты статистиканы ұсынды. Бюроның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады.

Бұл есім ең көп таралған өңірлер:

  • Астана қаласы (2 186 адам)
  • Түркістан облысы (2 008 адам)
  • Алматы қаласы (1 740 адам).

Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған. Ал бұл есімді иеленгендердің арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым – 3 267 адам.

Абай есімі жаңа туған сәбилерге де жиі қойылады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 91 балаға осы есім берілген.

Қазақстанда Абай есімді 9 әйел тіркелген. Сонымен қатар Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар.

Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында кеңінен көрініс тапқан. Қазіргі таңда Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады.

Қызықты статистика: елімізде Абай есімді 9 әйел адам тұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.