jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

FlyArystan Дубайға рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты

FlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы. Иллюстрациялық фото: FlyArystan

FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Дубайға рейстерді уақытша тоқтату мерзімі туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыздығына байланысты FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің орындалуын уақытша тоқтату мерзімін 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ұзартты", - делінген тасымалдаушы компания хабарламасында.

Бұған дейін аталған бағыт бойынша рейстердің 2026 жылғы 29 тамызға дейін (қоса алғанда) тоқтатылғаны хабарланған еді.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын билетті сатып алған жерінен айыппұлсыз толық көлемде қайтарып алуға болады.

FlyArystan Дубайға рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.