jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы полициясы Канье Уэсттің тыңдарманына маңызды үндеу жасады

Канье Уэст
Канье Уэст. Фото: Wally Skalij/Los Angeles Times via Getty Images

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйеріне үндеу жасады. Полиция департаменті өкілдері Канье Уэсттің концертіне билет сатып аларда алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы полициясы тұрғындарға билетті тек ресми сервистерден сатып алуды ұсынады.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары маңызды нәрсені ескертті.

"Төлемнен кейін сатып алушы ваучер алады, ол 13 тамызда автоматты түрде бірегей QR-коды бар электронды билетке ауыстырылады.

13 тамызға дейін QR-коды бар дайын билет ешкімде болмайды. Сондықтан қолдан, әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы "дайын билет" сату туралы ұсыныстар алаяқтық болуы мүмкін", - дейді полиция өкілдері.

Билетті қайта сату да тек ресми тәртіппен жүзеге асырылады: бастапқы ваучердің күші жойылып, жаңа иесіне жаңа ваучер рәсімделеді.

Полиция Канье Уэсттің жанкүйеріне бейтаныс адамдарға ақша аудармауды және ақпаратты тек ұйымдастырушылардың ресми арналары арқылы тексеруді ескертті.

Алматы полициясы Канье Уэсттің тыңдарманына маңызды үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.