jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кезек: үкіметте қандай шаралар қабылданып жатқаны белгілі болды

шекарадағы кептеліс
Шекарадағы кептеліс. Видеодан кадр: instagram.com/mgorod.kz

Үкіметте Ресеймен мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдай бойынша жедел кеңес өтті. Онда "Әлімбет", "Жайсан", "Сырым" өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының жедел өтуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқаны айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автомобиль өткізу пункттеріндегі ағымдағы ахуал мәселелері және көлік ағынын ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде кеңес өтті.

Жиынға Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылары қатысты.

ҰҚК Шекара қызметінің мемлекеттік шекарадағы ахуал және "Әлімбет", "Жайсан", "Сырым" өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының жедел өтуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.

Қазақстан жағындағы өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Еліміздің аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдардың маусымдық артуын ескере отырып, ЕАЭО ішкі контурындағы автомобиль өткізу пункттерінің уақытылы жаңғыртылуына бақылау күшейтілгені атап өтілді. Бұл бақылаудан өту уақытын қысқартады.

Бұдан бөлек жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында басымдық берілген өткізу пункттерінің маңында жүргізушілерге арналған күту сервистік аймақтары құрылады. Бұл шекаралық бақылаудан өту кезеңінде жүргізушілердің жайлы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Тиісті жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша автокөлік құралдарының үздіксіз және жедел өткізілуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. Осы мақсатта Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел штабтар ашты. Жағдай үкіметтің тікелей бақылауында.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кезек: үкіметте қандай шаралар қабылданып жатқаны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.