jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алаяқтар WhatsApp аккаунттарды бұзып кіреді: ІІМ өкілдері одан қалай қорғану керегін айтты

Whats App белгісі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды WhatsApp аккаунттарға рұқсатсыз қол жеткізу фактілері туралы ескерту жариялады. Полиция аккаунттың қауіпсіздігін күшейту үшін екі сатылы тексеру функциясын қосуды ұсынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IIМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Ол үшін:

  • WhatsApp қосымшасындағы "Баптаулар" бөліміне өтіп, "Аккаунт", одан кейін "Екі сатылы тексеру" бөлімін таңдап, "Қосу" батырмасын басу қажет.
  • Алты таңбалы PIN-код орнатып, қолжетімділікті қалпына келтіруге арналған электрондық пошта мекенжайын енгізу керек.

"Орнатылған PIN-кодты ешкімге хабарламаңыз. Сондай-ақ аккаунтыңызға қосылған құрылғыларды тұрақты түрде тексеріп отыру қажет. Ол үшін мәзірді (оң жақ жоғарғы бұрыштағы үш нүкте) ашып, "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін таңдаңыз және қосылған құрылғылар тізімімен танысыңыз. Егер өзіңізге белгісіз құрылғыны байқасаңыз, оны таңдап, "Шығу" пәрменін басу арқылы қолжетімділікті дереу тоқтатыңыз", - делінген хабарламада.

Аккаунттың бұзылғанын білдіретін негізгі белгілер:

  • белгісіз құрылғылардың қосылуы;
  • аккаунт иесінің қатысуынсыз хабарламалардың өздігінен жіберілуі;
  • таныстардан аккаунт иесінің атынан күмәнді өтініштердің келіп жатқаны туралы хабарламалар;
  • өзі сұратпаған растау кодтарының SMS арқылы келуі;
  • аккаунттан өздігінен шығып кету.

Сондай-ақ ІІМ өкілдері растау кодтарын ешкімге бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың нұсқауымен бөгде қосымшаларды орнатпауға кеңес берді.

"Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз. Аккаунтыңыздың бұзылу белгілері анықталған жағдайда, оны қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдап, құқық қорғау органдарына жүгініңіз. WhatsApp мессенджерінде рұқсатсыз белсенділік анықталған жағдайда "Байланыстырылған құрылғылар" бөліміндегі барлық белсенді сеанстарды дереу аяқтап, екі сатылы тексерудің PIN-кодын өзгертіңіз және аккаунтыңыздың бұзылуы мүмкін екендігі туралы байланыстағы адамдарды хабардар етіңіз", - дейді тәртіп сақшылары.

Сонымен қатар телефон мен компьютерді зиянды бағдарламалардың бар-жоғына тексеріп, SMS немесе мессенджер арқылы келген растау кодтарын үшінші тұлғаларға ешқашан бермеу ұсынылады.

ІІМ өкілдері егер таныстардан шұғыл түрде ақша аударуды сұраған хабарлама келсе, міндетті түрде оған телефон арқылы немесе басқа байланыс құралы арқылы хабарласып, хабарламаны шынымен сол адамның өзі жібергеніне көз жеткізу керегін ескертті.

Алаяқтар WhatsApp аккаунттарды бұзып кіреді: ІІМ өкілдері одан қалай қорғану керегін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.