Ұлытауда туризмді дамыту және туристік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды
Жарияланған күні:

Ұлытау облысы әкімінің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кеңесте өңірдегі туризм саласын дамыту және жұмыс күшінің мобильдігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан қоныс аудару бағдарламасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Жиында сөз алған өңір басшысы облыстың туристік әлеуетін кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ туризмді дамытудың негізгі тетіктерінің бірі – жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және әуе қатынасының қолжетімділігін арттыру екенін айтып, бұл мәселе тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Осыған байланысты жауапты басқармаға туристік инфрақұрылым жобаларына жеке инвестициялар тарту жұмыстарын күшейту, инвестициялық жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстау, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын туристік айналымға енгізу және оқиғалық туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүйелі жүзеге асыру тапсырылды.
Сонымен қатар туристік нысандарды тұрақты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандырып, басым туристік бағыттарды кезең-кезеңімен сапалы байланыс желісімен қамту міндеттелді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410721-ulytauda-turizmdi-damytu-zhane-turistik-infraqurylymdy-zhetildiru-maseleleri-qaraldy/