Алматыда "Сергек" камералары көліктің тағы бір түрін бақылайтын болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Сергек" камералары электросамокаттарды да бақылайтынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Брифинг барысында БАҚ өкілдері Алматыда "Сергек" камералары электросамокат жүргізушілерін де бақылайтыны рас па және олардың иелері айыппұл туралы хабарламаны қалай алатынын сұрады.
Салтанат Әзірбек полиция департаментінің мұндай жоспары бар екенін растап, "Сергек" жүйесі қосылғаннан кейін электросамокат жүргізушілерінің жол ережесін бұзу фактілерін автоматты түрде анықтай алатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кикшеринг компанияларының деректерін полицияның мәліметтер базасымен интеграциялау жұмыстары жүріп жатыр.
ПД өкілі жыл басынан бері 18 мыңнан астам электросамокат қолданушысы жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410767-almatyda-sergek-kameralary-kolikting-tagy-bir-turin-baqylaityn-bolady/
