Қазақстанда бойжеткен соттың көмегімен әкесін университеттегі оқу ақысын төлеуге міндеттеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кәмелет жасына толған бірінші курс студенті сотқа жүгініп, университеттегі оқу ақысын төлеу үшін әкесінен алимент өндіруді талап етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Шу аудандық соты азаматша К.-ның әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
Талап қоюшы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің күндізгі оқу бөлімінің ақылы негіздегі 1 курс студенті екенін атап өтті. Кәмелетке толғаннан кейін алимент төлеу тоқтатылды. Күндізгі бөлімде оқуға байланысты оның тұрақты табысы мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ, оқу ақысын төлеуге, тұруға және басқа да қажетті шығындарға байланысты шығындарды өзі көтеріп жүр.
Жауапкер қызына материалдық көмек көрсетуден бас тартпайтынын түсіндіріп, талапты ішінара мойындады, бірақ оның материалдық және отбасылық жағдайын ескеруді сұрады. Сот жауапкердің екінші некеде тұратынын, 5 кәмелетке толмаған баласы, тұрақты жұмыс орны және несиелік міндеттемелері бар екенін анықтады.
Сот ата-аналардың балаларды күтіп-бағу бойынша бірдей міндеттері бар екенін ескерді. Сондай-ақ талап қоюшының ақылы негізде оқитыны және оқу кезеңінде өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ екендігі назарға алынды.
Сот шешімімен жауапкерден қызының пайдасына оқу кезеңіне – 2028 жылдың шілдесіне дейін ай сайын 17 АЕК мөлшерінде алимент, сондай-ақ мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410850-qazaqstanda-boizhetken-sottyng-komegimen-akesin-universitettegi-oqu-aqysyn-toleuge-mindettedi/
