jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Дрондар, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: елімізде жол қозғалысын бақылау күшейді

Жол
Тас жол. Көрнекі фото: primeminister.kz

ІІМ цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылауды күшейтуде. Полиция дрондарды, патрульдік автокөліктердегі мобильді кешендерді, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік кешендерді пайдаланады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, аталған технологиялар полиция қызметкерлеріне жол жүрісі қағидаларының бұзылуын анықтауға, қауіпті жағдайларға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

"Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтарға жедел көмек көрсету мақсатында заманауи цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде. Бұл шешімдер қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіп бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Мәселен, ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысын әуеден бақылайды. Олар жылдамдықты асырған және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілерді тіркейді. Ең бастысы дрондар құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

Патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер де жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады. Олар көлік ағынының арасынан ұялы телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру және маневр жасау қағидаларын бұзу сияқты деректерді автоматты түрде анықтайды.

"Қала сыртындағы жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі қолданылады. Қазіргі таңда бұл жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген", - дейді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін лазерлік жүйелер пайдаланылуда. Олар түнгі уақытта, ауа райы қолайсыз кезде және жүргізушінің шаршағанын немесе ұйқылы күйде отырғанын анықтауда ерекше маңызды.

Цифрлық технологиялармен қатар жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият назар аударуына ықпал етеді.

"Аталған шаралардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Біз үшін әрбір жүргізуші мен жолаушының жолда өзін қауіпсіз сезінуі маңызды", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Дрондар, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: елімізде жол қозғалысын бақылау күшейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.