jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының форматы толығымен өзгереді

ХҚКО
ХҚКО. Фото: t.me/KZgovernment

Соңғы жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын азаматтар саны азайған. Осыған байланысты олардың форматы толығымен өзгереді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев соңғы жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына  барған азаматтар саны 30 пайыз кемігенін мәлімдеді. Себебі ЭЦҚ рәсімдеу, көлікті алғаш тіркеу, жер учаскелеріне акт беру, жылжымайтын мүлікке кадастрлық паспорт беру сияқты қызметтер алғаш рет онлайн қолжетімді.

Оның айтуынша, осыған байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының форматы толығымен өзгеруде. Енді олар кезексіз, ашық әрі жайлы кеңістікке трансформацияланады.

"Жалпы аумақтың 70 пайызын негізгі бөлігін экспресс-аймақ алады. Онда қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы дербес алуға болады. Сонымен қатар офисте консультант көмек көрсететін сараптамалық және оқыту аймақтары да бар. Алғашқы заманауи офис Жезқазған қаласында ашылды. Кейін цифрлық офистер Түркістан, Астана және Сәтбаев қалаларында жұмысын бастады. Небәрі бірнеше айдың ішінде цифрлық офистер 4 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті", - деп атап өтті вице-премьер.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының форматы толығымен өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.