jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда ескі полиция автокөліктері аукционға шығарылды (фото)

полиция көлігі
Полиция көлігі. Фото: sauda.e-qazyna.kz

Алматыда ондаған ескі полиция көлігі саудаға шығарылды. Аукцион бағаны төмендету қағидаты бойынша өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лоттар электронды сауда алаңының порталында жарияланды. Сатылымға түрлі маркалы 50-ден астам автокөлік қойылды. Көліктердің бағасы 1 991 550 теңгеден басталады. Мысалы халыққа "Нива" деп танылған Lada-21214 көлігі осы бағада сатылуда. Көлік кузовындағы жазуға қарағанда, ол бұрын учаскелік полиция қызметіне тиесілі болған.

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Фото: sauda.e-qazyna.kz

Көліктердің бағасы әртүрлі: Peugeot 301-дің бастапқы құны 2 126 940 теңге, 2 226 423 теңге және 2 773 584 теңге деп белгіленген. Ал Ssang Yong Actyon Sports 5 469 750 теңге, Kia Cerato 8 167 785 теңге тұрады.

Ескі эвакуатор
Ескі эвакуатор. Фото: sauda.e-qazyna.kz

Сонымен қатар 19 293 726 теңгеге 2017 жылы шығарылған КАМАЗ маркалы полиция эвакуаторын да сатып алуға болады.

Портал деректеріне сәйкес, көліктер Алматы қалалық полиция департаментіне тиесілі, ал сатушы ретінде Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы көрсетілген.

Көліктердің көбінің бамперлері немесе басқа да бөлшектері жоқ. Сонымен қатар соққы іздері анық көрінетін зақымданған көліктер де бар.

Алматыда ескі полиция автокөліктері аукционға шығарылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.