jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жұмыс адамды өзі табады: Қазақстанда жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруда ЖИ қолданылмақ

Жасанды интеллект
Жасанды интеллект. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Бүгін үкімет отырысында еңбек министрі Қазақстандағы Цифрлық жұмыспен қамту қызметінің мүмкіндіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқарбек Ертаев бұл бағыттағы басты мақсат – азаматтарды жұмыспен қамтуды проактивті форматқа көшіру екенін айтты.

"Жаңа модельдің негізгі қағидаты: жұмысты адам іздемейді, жұмыс адамды өзі табады. Жүйе жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде жұмысқа мұқтаж азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Содан кейін оларға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе 1414 нөмірінен СМС түрінде тиісті хабарламалар жібереді.

Жасанды интеллект азаматтың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өңір ішінде де, одан тыс жерде де, шетелдегі бос жұмыс орындарын қоса алғанда, персоналдандырылған жұмыс орындарын іріктейді. Сонымен қатар азаматтарға оқыту курсынан өту және қайта даярлау, қоныс аудару мүмкіндіктерін ұсынады. Нәтижесінде азаматқа тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеу көрсетіледі", - деді еңбек министрі.

Оның айтуынша, шілде айында сервис Павлодар облысында енгізілген.

"Жұмысқа орналастыру бойынша 39 мың СМС-хабарлама жіберілді. Бұл кезеңде өңірде 962 адам жұмысқа орналасты. Қыркүйек айында сервисті Маңғыстау облысында енгізу жоспарлануда.

Жыл соңына дейін сервис еліміздің барлық 20 өңіріне ауқымды түрде енгізіледі. Осыған ұқсас сервис азаматтарға Aitu мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді болады", - деді Асқарбек Ертаев.

Сондай-ақ ол жыл соңына дейін жасанды интеллектіні тағы бес бағыт бойынша енгізу жоспарланғанын атап өтті.

III тоқсанда жасанды интеллект мынадай бағыттарда қолданылады:

  • Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту кезінде;
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына жолдама беру кезінде;
  • Кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылу деңгейін анықтау кезінде – медициналық деректерді және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін талдау, алған жарақаттардың салдарын бағалау;
  • Зейнетақы тағайындау кезінде – құжаттарды тану арқылы жалған деректердің алдын алу.

IV тоқсанда келесі бағыттар бойынша цифрлық модельдерді әзірлеу жоспарланып отыр:

  • Сканнерленген еңбек кітапшаларын тану;
  • Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынымдар қалыптастыру;
  • Қазақстанның кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары саласындағы тәуекелдерді анықтау үшін жасанды интеллект негізіндегі талдауды енгізу.
Жұмыс адамды өзі табады: Қазақстанда жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруда ЖИ қолданылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.