Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалып қалған баланы құтқарып қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада полицей автобуста кәмпитке қақалып қалған баланы құтқарып қалды. Бүлдіршін демала алмай, шұғыл көмекке мұқтаж болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, оқиға қалалық маршруттық автобуста болған. Жолда келе жатқан кезде балалар арбасында отырған сәби кенет кәмпитке қақалып, тыныс ала алмай қалған.
Жолаушылардың бірі жағдайды байқап, дереу көмекке ұмтылған. Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданған. Көп ұзамай сәбидің тыныс алуы қалпына келген.
"Баланың өміріне қауіп төнген сәтте кәсіби дағдысы мен алғашқы көмек көрсету тәжірибесін дұрыс қолданған азамат – Астана қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Әлішер Жарқымбеков", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2411194-astanada-politsiia-qyzmetkeri-kampitke-qaqalyp-qalgan-balany-qutqaryp-qaldy/
