Қазақстандағы тағы бір тасжолда орташа жылдамдық бақыланады: нені білу керек
Жарияланған күні:
Читать на русском
Республикалық Жайсаң – Ақтөбе – Қызылорда автожолындағы учаскеде орташа жылдамдықты бақылау енгізілді, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін жаңа жүйе – көлік құралдарының орташа жылдамдығын автоматты түрде бақылау жүйесі іске қосылған.
"Жаңа технология республикалық маңызы бар KAZ06 "Жайсан – Ақтөбе – Қызылорда" автожолының Ұлғайсын – Қалыбай елді мекендері арасындағы жол учаскесінде жүргізушілердің тәртібін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған", - делінген хабарламада.
Полицияның ақпаратына сәйкес, жаңа жүйенің басты ерекшелігі – ол көліктің белгілі бір нүктедегі жылдамдығын ғана тіркемейді.
"Жүйе көлік құралының белгіленген жол учаскесін қандай уақыт аралығында жүріп өткенін анықтап, сол аралықтағы орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді.
Яғни жүргізуші камераға жақындағанда ғана жылдамдығын төмендетіп, кейін қайтадан белгіленген шектен асыру арқылы бақылаудан жалтара алмайды. Жүйе көліктің бүкіл бақылау учаскесіндегі қозғалысын есепке алады", - делінген хабарламада.
Белгіленген жылдамдық режимі сақталмаған жағдайда, тиісті материалдар автоматты түрде жинақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2411303-qazaqstandagy-tagy-bir-taszholda-ortasha-zhyldamdyq-baqylanady-neni-bilu-kerek/
