jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Каспий теңізіне жанармай төгілді

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында Каспий айдынына жанар-жағармай төгілді. Түпқараған ауданының тұрғындары Аташ жағажайында су бетіне жайылған дизель отынын байқап, құзырлы органдарға жүгінген, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

Соңғы екі тәулікте оқиға орнында экологтар теңіз суынан сынама алып, мониторинг жүргізді. Қазір қайық пен дрон арқылы жағалау жиегін шолу жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар сол аумақта жүрген кеме экипаждары және порт қызметкерлерімен кездесіп, табиғатты қорғау талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

"Каспий теңізінің жағалауында май қалдықтарының ізі анықталды", - деп хабарлама келді. Шолу жұмыстары барысында Аташ, Баутин елді мекендері теңіз жағалауынан су сынамалары алынды. Қазіргі жағдайда ол жерде талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдау жұмыстары нәтижесіне орай тиісті шаралар қабылданатын болады", - дейді Экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек.

Каспий теңізіне жанармай төгілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.