jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"77 жастағы қария жоғалды": Сабыр Медеевті жақындары екі айдан бері іздеп жатыр

Сабыр Медеев
Сабыр Медеев. Кадр: "КТК" арнасы

Алматы облысында 77 жастағы қария із-түзсіз жоғалды. Сабыр Медеевті жақындары екі айдан бері іздеп жатыр, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

"14 маусымда баласы Талдықорғаннан алып келген. Өйткені бұл кісінің әйелі ауруханаға түсіп қалады да, "балама барамын, Айдынға" деген. Ешкімде шаруасы жоқ, ешкімге зияны жоқ, тек есте сақтау қабілеті төмен болғандықтан, қай жаққа баратынын, қайдан келгенін білмей жүр. Сіздерден өтініп сұрайтыным, осы кісіге көмектессеңіздер екен, осы хабарды көрген адамдар осы кісіні тауып берсе екен дейміз. Аман-есен отбасына оралса екен дейміз", - дейді жоғалған қарияның қарындасы Шынарай Медеева.

77 жастағы қария 15 маусымда Мұхамеджан Түймебаев ауылындағы баласының үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Түскі уақытта жұмыстан оралған ұлы есіктің ашық тұрғанын, ал әкесінің үйде жоқ екенін көріп, жан-жақтан іздеуге кіріседі. Жақын маңдағы үйлердің бақылау камералары тексерілген. Алайда қария олардың ешқайсысына түспепті.

Кейін бір адам оны Сайран автовокзалынан көргенін айтқан. Бұл — ақсақалдың әзірге соңғы рет көзге түскен жері. Туыстарының айтуынша, оның есте сақтау қабілеті төмен. Сондықтан бағытынан жаңылып, қайда жүргенін білмеуі мүмкін. Олар қарияны маусымнан бері жан-жақтан іздеуде. Қазір бұл жұмысқа полицейлер мен еріктілер де кірісті.

"Іздеудегі азаматтың белгілері көрсетілген бағдарламалар полицияның барлық аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ көршілес облыстардың полиция департаменттеріне жолданды. Іздестіру жалғасуда. Полиция қызметкерлері ер адамның орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажет шараны қабылдады", - дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Дереккөз: "КТК" арнасы

"77 жастағы қария жоғалды": Сабыр Медеевті жақындары екі айдан бері іздеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.