jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Сипаттасаңыз жеткілікті": Қазақстанда жаңадан іске қосылған Egov 3.0 порталында не өзгерді

e-gov қосымшасын пайдаланып, ақша санап отырған ер адам
Ақша мен e-gov қосымшасы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде электронды үкіметтің жаңа нұсқасы іске қосылды. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін екі есе жеңілдетпек. Жаңа форматта 20 мыңнан астам қызмет көрсетіледі. Ең бастысы – ескі нұсқасы секілді жүктеме артқан уақытта тоқырап қалмайды. Пайдаланушылар үшін барынша ыңғайлы Qaz Tech жүйесінде әзірленген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Жаңа электронды үкіметтің бір ерекшелігі – Egov GPT интеллектуалдық ассистентінің қызметі. Цифрлық көмекшімен чатқа Egov mobile қосымшасы арқылы кіруге болады. Сервис азаматтардың жазбаша немесе ауызша хабарламалары негізінде керекті құжатты рәсімдеуіне көмектеседі. Яғни, не керегін сиптаттасаңыз жеткілікті.

"Бұл – мемлекеттік қызметті алудың тағы бір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі. Бұрын азамат қай мемлекеттік органға жүгіну керектігін, қандай өтініш толтыру қажет екенін және қандай құжаттарды жинау керектігін өзі анықтайтын. Енді өзінің өмірлік жағдайын қысқаша сипаттаса жеткілікті. Мысалы: "маған тұрғылықты жер бойынша тіркелу керек" немесе "биыл балам бірінші сыныпқа барады", - дейді Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Әзірге eGov GPT-де ең сұранысқа ие 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтің 150 түрі, яғни, 70 пайызы енгізіледі деген жоспар бар. Азаматтар қысқа уақытта ассистенттің көмегіне 150 мың рет жүгінген. Үкіметтің виртуалдық көмекшісі жақында ұлттық Aitu мессенджерінде де қолжетімді болады. Үкімет басшысы 6 айдың ішінде бизнестегі қағазбастылықты қысқартуды тапсырды.

"Кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қызметтердің 60 пайызы әлі күнге дейін қағаз түрінде көрсетіліп келеді. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Ұлттық экономика министрлігіне "Атамекен" палатасымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін көрсетілетін қызметтерді түбегейлі қайта қарап, оларды дереу цифрландыруды және eGov Business платформасына шығаруды тапсырамын", - дейді премьер-министр Олжас Бектенов.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орында. Үкімет бұл көрсеткішті арттыру үшін жүйелі жоспар дайындап отыр. Үлес қосам деген азаматтар Egov-тың жаңа форматына қатысты ұсыныс-пікірлерін жолдай алады. Порталда кері байланыс бөлімі бар.

"Сипаттасаңыз жеткілікті": Қазақстанда жаңадан іске қосылған Egov 3.0 порталында не өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.