jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңа оқу жылы: Қазақстанның қай өңірінде бірінші сыныпқа ең көп оқушы барады

Мектеп оқушылары
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында Қазақстанда шамамен қанша бала бірінші сыныпқа баратынын, сондай-ақ қай өңірде олардың саны көп екенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасып жатыр.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84 пайызы мектептерге қабылданған.

Қабылданған балалардың 296 мыңға жуығы мемлекеттік, 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады.

Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге 128 мыңға жуық бала қабылданған. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала қабылданған.

Болашақ бірінші сынып оқушыларының 71 пайыздан астамы қазақ тілінде, 26 пайыздан астамы орыс тілінде, тағы 2,5 пайызға жуығы басқа тілдерде білім беретін сыныптарды таңдаған.

"Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің 2 мыңнан астам баласы қазақ тілінде білім беретін сыныптарға қабылданды. Бұл ата-аналардың балаларын қазақ тілінде оқытуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Бірінші сынып оқушыларының ең көп саны Түркістан облысында – 50 мыңнан астам, Алматы облысында – 35 мыңнан астам, Астанада – 33 мың, Алматыда – 31 мыңнан астам және Шымкентте – 29 мыңнан астам болады деп күтіліп отыр. Бұл осы өңірлердегі халық санының көптігімен және туу деңгейінің жоғары болуымен байланысты.

Министрлік өтініштер 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен қабылданатынын еске салды.

Биыл өтініштердің 84 пайызға жуығын ата-аналар электрондық форматта берген. Құжаттарды eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ таңдалған мектепке тікелей тапсыруға болады.

"Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға құжаттарды уақытылы рәсімдеуді ұсынады. Қосымша ақпаратты таңдалған мектептен, eGov.kz порталынан және eGov Mobile қосымшасынан алуға болады", - делінген хабарламада.

Жаңа оқу жылы: Қазақстанның қай өңірінде бірінші сыныпқа ең көп оқушы барады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.