Алматы орталығындағы кей көшелерде су уақытша тоқтайды
Жарияланған күні:

Алматы орталығындағы кей көшелерде су беру уақытша тоқтатылады. Қала әкімдігі тұрғындарды ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Бостандық ауданында сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 13 тамыз сағат 21:00-ден 14 тамыз сағат 06:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру уақытша тоқтатылады.
Су беру әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Байзақов көшесі – Ботаникалық бақ – Ерғожин көшесі шегінде тоқтайды.
Әкімдік өкілдері су берілгеннен кейін су құбырларының желілерін шаюға байланысты судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
"Осы кезеңде тұрғындарға желілер толық шайылғанға дейін кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесіне қосылған басқа да құрылғыларды пайдаланбау ұсынылады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2411777-almaty-ortalygyndagy-kei-koshelerde-su-uaqytsha-toqtaidy/
