jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева Көкшетау қаласында қайта жөндеуден өтіп жатқан жаңа жекеменшік мектеп ғимаратына барып, білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындығы және жүргізіліп жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Қазіргі таңда мектепке 150-ге жуық оқушы қабылданған. Білім беру ұйымының жобалық қуаттылығы 370 оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Жұмыс сапары барысында Айнагүл Балташева мектептің материалдық-техникалық базасын, оқу кабинеттерінің жабдықталуын және оқушылардың сапалы білім алуына жасалып жатқан жағдайларды қарап шықты. Сонымен қатар білім беру процесінің қауіпсіздігі мен қолданыстағы нормативтік талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Білім басқармасының басшысы оқу жылы басталғанға дейін мектеп әкімшілігі барлық қажетті лицензиялар мен рұқсат құжаттарын толық рәсімдеп, білім беру ұйымының мемлекеттік талаптар мен стандарттарға толық сәйкес келуін қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті. Бұл оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына мүмкіндік береді.

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Сапар соңында Айнагүл Балташева мектептің педагогикалық құрамымен, мұғалімдердің біліктілік санаттарымен танысып, мектеп әкімшілігіне жаңа оқу жылында табыс, шығармашылық жетістіктер мен жемісті еңбек тіледі.

Көкшетау қаласында жаңа жекеменшік мектеп ашылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.