39 градус ыстық, жаңбыр: 13 тамызда еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 13 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,9 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, аспанды ақша бұлт торлайды. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 39 градусқа дейін жетіп, түнде 26 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,1 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2411996-39-gradus-ystyq-zhangbyr-13-tamyzda-elimizding-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/
