jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Персеидтер түні: қазақстандықтар желіде "жұлдыздар жауынының" суреттерін жариялады

Персеид жұлдыздар жауыны
Персеид жұлдыздар жауыны. Фото: Wang Fanlu/VCG via Getty Images

Қазақстандықтар 12 тамыздан 13 тамызға қараған түні түсірілген суреттерді желіде жариялап жатыр. Олар Персеид метеорлық ағынының белсенді кезін байқады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, астрономдар 12 тамыздан 13 тамызға қараған түні Персеид метеорлық ағынының шарықтау шегі болатынын болжаған еді. Мамандар биыл бұл құбылысты бақылауға өте қолайлы жағдай туатынын атап өткен.

Қазақстандықтарға жұлдыздар жауынын түн ортасынан таң атқанға дейін тамашалауға кеңес берілді. Бақылауға қала жарығы кедергі келтірмеуі үшін қала сыртына шығу ұсынылды. Биыл Персеидтің шарықтау шегі жаңа айдан кейін келетіндіктен, ай жарығы бақылауға кедергі болмайтыны айтылған еді.

13 тамызға қараған түні қазақстандықтар сирек құбылысты тамашалағаннан кейінгі әсерін бөлісе бастады.

Қала сыртына арнайы шыққан Астана тұрғындары біраз сурет түсіріп үлгерді.

Посмотреть в Threads

Кейбір адамдар сирек құбылысты видеоға түсіріп алды.

Кейбір желі қолданушылары әзілдеп, жұлдыздар жауынын "Трансформерлер" әлеміндегі автоботтармен салыстырды.

Посмотреть в Threads

Алматы тауларындағы Ассы үстіртінен жұлдыздар жауынын бақылаған қазақстандықтар да болды.

Посмотреть в Threads

Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылының тұрғындары да бұл құбылысты бақылап, суреттерін жариялады.

Посмотреть в Threads

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да таңғажайып жұлдыздар жауынын суретке түсіріп алды.

Посмотреть в Threads

Қазақстандықтардың айтуынша, бұл түні әдемі суреттер үшін кәсіби камера қажет болмады. Көпшілігі телефон арқылы әсерлі кадрлар түсіре алған.

Персеидтер түні: қазақстандықтар желіде "жұлдыздар жауынының" суреттерін жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.