Қазақстанда Telegram істен шықты: министрлік мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ел бойынша істемей қалған Telegram мессенджеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Қазақстанның кей өңірінде тұрғындар Telegram мессенджерінің жұмысында ақау байқалғанын айтып, шағымданғанын жазған болатынбыз. Telegram-ның істемей тұрғанына тұрғындар шамамен сағат 11:25-тен бастап шағымдана бастады. Жағдай әлі өзгерген жоқ.
KAZ.NUR.KZ тілшісі Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
"Қазіргі уақытта Telegram мессенджерінің қолжетімсіздігіне байланысты пайдаланушылардан жекелеген өтініштер түсіп жатыр. Техникалық мамандар жағдайды анықтап жатыр", - деп жауап берді баспасөз қызметі өкілі.
Бұған дейін "Қазақтелеком" баспасөз қызметі де Telegram мессенджеріндегі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.
"Мониторинг деректері бойынша, сондай-ақ Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram бағытындағы трафиктің шұғыл төмендеуі байқалды. "Қазақтелеком" АҚ жауапкершілік аймағында апаттар, техникалық ақаулар немесе инфрақұрылым жұмысының ішкі бұзылулары тіркелген жоқ. Оператор желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр", — деп сендірді баспасөз қызметіндегілер.
Ақаудың себептерін анықтау үшін компания Telegram-ның әкімшілік-техникалық тобына ресми сауал жолдағаны атап өтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2412334-qazaqstanda-telegram-isten-shyqty-ministrlik-malimdeme-zhasady/
