jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда әскерилер мен полицейлерді жұмыстан шығаруға мораторий енгізілгені рас па

Еңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы және тиын. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы Дезинформациямен күрес орталығы Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұмыстан шығаруға мораторий енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық мәліметінше, vессенджерлерде жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге қатысты "мораторий" енгізілетіні туралы жалған ақпарат таралуда

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мессенджерлердегі чаттарда 2026 жылғы қараша айынан 2027 жылғы ақпан айына дейін Қазақстан құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштерінің қызметкерлерін жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге толық тыйым салынады деген мазмұндағы мәтіннің таралуын тіркеді.

Ақпараттың шынайылығына көз жеткізу үшін оның авторлары Қазақстанның 2026 жылғы 3 маусымдағы №295-VIII "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сілтеме жасаған.

Бұл заңның бар екені рас болғанымен, онда мұндай ережелер көзделмеген. Заңда көрсетілген кезеңге жұмыстан босатуға, ауыстыруға, тағайындауға немесе өзге де кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізу туралы нормалар жоқ.

Ақпараттың шынайы еместігінің тағы бір белгісі – таратылып жатқан мәтінде құжаттың міндетті деректемелерінің көрсетілмеуі. Атап айтқанда, өкім шығарған мемлекеттік орган, құжаттың күні мен нөмірі, мораторий енгізуге негіз болатын заңнаманың нақты нормасы, сондай-ақ тапсырма кімнің атынан берілгені көрсетілмеген.

Осылайша, бұл жағдайда нақты нормативтік құқықтық акт оның құрамында жоқ ақпараттың шынайылығына көз жеткізу құралы ретінде пайдаланылған.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осындай хабарламаларды дереккөзі мен құжаттың деректемелерін ресми мемлекеттік ақпараттық ресурстар арқылы тексермей таратпауға кеңес берді.

Қазақстанда әскерилер мен полицейлерді жұмыстан шығаруға мораторий енгізілгені рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.