jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда жексенбіде әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

әл-Фараби даңғылы
Әл-Фараби даңғылы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда 16 тамыз, жексенбіде веложарыстың өтуіне байланысты қаланың ірі жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы әкімдігінің Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship әлем чемпионатының өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді.

Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сағат 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл шаралар жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жүргізушілерден өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.

Еске салайық, 16 тамызда Алматыда Gran Fondo World Championship өтеді. Жарысқа 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатыспақ. Қатысушылар үшін 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түседі.

Жарыстың сөресі мен мәресі әл-Фараби даңғылы, 40 мекенжайында, Halyk Bank ғимаратының маңында орналасады.

Жол сызбасы
Жол сызбасы. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жексенбіде әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.