jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада аудандардың шекарасы өзгереді

Астана қаласы
Астана қаласы. Фото: Yasin Baturhan Ergin/Anadolu via Getty Images

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов елорда аудандарының шекарасы қалай өзгеретінін айтты. Бұл туралы ол мәслихат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтынбек Ахметовтың айтуынша, шекарасы өзен арнасы арқылы өтетін аудандар арасындағы жекелеген учаскелер қайта түзетілген.

Шекараны нақтылаудан кейін Алматы ауданының аумағы 106 гектарға, яғни 8 518-ден 8 412 гектарға дейін азаяды. Сондай-ақ Нұра ауданының аумағы да 18 927-ден 18 516 гектарға дейін қысқарады.

Сонымен қатар қалған үш ауданның аумағы ұлғаяды:

  • Есіл ауданы – 20 431-ден 20 518 гектарға дейін;
  • Сарыарқа ауданы – 6 775-тен 7 144 гектарға дейін;
  • Байқоңыр ауданы – 18 129-дан 18 190 гектарға дейін.

"Өзгерістер жер кадастрындағы мәліметтерді өзектендіру және аудандардың шекарасын нақты деректерге сәйкестендіру үшін қажет", - деп түсіндірді Ахметов.

Астанада аудандардың шекарасы өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.