jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының экономикалық соты облыс орталығы әкімінің Қостанай – Рудный бағытындағы тасымалдаушы кәсіпкерге қатысты талап арызын қарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Қостанай қаласы әкімінің жеке кәсіпкер "Б."-ға жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартты бұзу жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

елісімнің талаптарына сәйкес, ЖК "Б." "Қостанай – Рудный" арасында қатынайтын №120 тұрақты қала маңы бағытына қызмет көрсетуді 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жалғастырады.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шарттың қолданысы тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылады.

Сонымен қатар жауапкер шарттың тоқтатылуына сот тәртібімен дау айтпауға және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін талапкерге мүліктік және қаржылық талаптар қоймауға міндеттенді. Талапкер шартты бұзу туралы талабынан бас тартты.

Сот келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

№120 "Қостанай – Рудный" бағыты 2026 жылдың соңына дейін жұмысын жалғастырады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.