jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда ерлер көп пе, әлде әйелдер ме: жаңа деректер жарияланды

жұбайлар
Жұбайлар. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялап, елдегі ерлер мен әйелдердің нақты санын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бюроның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны – 20 590 589 адам.

Қала халқының саны 13 190 585 адамға жеткен, ал ауылдық жерлерде 7 400 004 адам тұрады.

Сондай-ақ бюро Қазақстанда 10 065 819 ер және 10 524 770 әйел тұрып жатқанын нақтылады.

Бұдан бөлек, Қазақстандағы қала халқының ең жоғары үлесі Қарағанды облысында (82,7 пайыз), Ұлытау облысында (79,6 пайыз) және Ақтөбе облысында (76,5 пайыз) тіркелген.

Қала халқының ең төменгі үлесі Алматы облысында (19,3 пайыз), Түркістан облысында (25,4 пайыз) және Жетісу облысында (46 пайыз) байқалады.

Қазақстанда ерлер көп пе, әлде әйелдер ме: жаңа деректер жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.