jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы және Алматы облысының тұрғындары жаппай электр қуатынсыз қалды

электр желісі
Электр желісі. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Электр желілерінің апаттық өшірілуіне байланысты Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алатау Жарық Компаниясына" сілтеме жасап.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ хабарлағандай, сағат 14:38-де KEGOC АҚ-на тиесілі 500 кВ L-5400, L-5300 және L-5320 әуе электр желілерінің апаттық өшірілуіне байланысты "Алатау Жарық Компаниясы" желілеріндегі апаттық өшіру жүйесі (ESS, ACH) іске қосылды, нәтижесінде Алматы мен Алматы облысындағы тұтынушылар электр қуатынсыз қалды.

Алматыда келесі аудандарда электр жарығы өшті:

  • Бостандық ауданы;
  • Наурызбай ауданы;
  • Әуезов ауданы;
  • Алатау ауданы.

NUR.KZ оқырмандары Алмалы және Түрксіб аудандарында да электр қуаты өшкенін жеткізді. Алматы облысындағы Қонаев қаласының тұрғындары да интернет байланысының жоқтығын айтады.

Қазіргі уақытта "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін қажетті шараларды жүргізіп жатқаны хабарлады.

Алматы және Алматы облысының тұрғындары жаппай электр қуатынсыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.