jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Энергетика министрлігі Алматыда электр энергиясы толық қалпына келтірілгенін хабарлады

Алматы
Алматы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Энергетика министрлігі KEGOC АҚ желісі бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметі сағат кешкі 17:49-да мәлімдегендей, KEGOC АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

"Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізуде. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ️Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында", - делінген министрлік хабарламасында.

Энергетика министрлігі Алматыда электр энергиясы толық қалпына келтірілгенін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.