Алматыда Канье Уэстің концерті басталар алдында дауыл палаткаларды ұшырып әкетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда Канье Уэстің концерті басталуына санаулы уақыт қалды. Стадион алдына өнерпаздың тыңдармандары жиналып жатыр. NUR.KZ тілшісі де сол жерде жүр.
Стадион алдында тыңдармандар жиналып қалғанымен, үлкен кезек байқалмайды. Келушілер стадион аумағына еркін кіріп жатыр. Онда концертке дайындық толық аяқталған.
Алайда ауа райы күрт өзгерді. Күндізгі ыстық лезде дауыл мен найзағайға ұласты. Жел қоғамдық дәретхана маңындағы палаткаларды ұшырып әкетті. Десе де олар дереу қайта орнатылды.
Бұл жағдай келушілердің көңіл күйіне әсер еткен жоқ. Алматылықтар мен қала қонақтары концерттің басталуын асыға күтуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2412953-almatyda-kane-uesting-kontserti-bastalar-aldynda-dauyl-palatkalardy-ushyryp-aketti-video/
