jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Белгілі ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Бекжан Әшірбаев
Бекжан Әшірбаев. Фото: t.me/qazaqstantv

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы.

Әшiрбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, "Ленин жолы" ұжымшарында дүниеге келген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында қызмет атқарып келді. Журналистика саласында елеулі еңбек етті.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметінің мәліметінше, ақын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын "Қазақ университетi" газетiнiң бас редакторы (2002-2006), республикалық "Azamat.kz" қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006), республикалық "Ел мен Жер" қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006), республикалық "Жас қазақ үнi" газетi бас редакторының орынбасары (2007), Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты республикалық "Қазақ әдебиетi" газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары т.б. қызметтерді атқарған.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық "Қазақ әдебиетi", "Жұлдыз", "Жас қазақ үнi", "Azamat.kz", "Парасат" басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы "Жазушы" баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген "Қоңыр әуен" өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

Белгілі ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.