jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Өз бетінше дайындалыңыз": Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсырушыларға маңызды ескерту жасады

ҰБТ тапсыратын кабинет
ҰБТ тапсыратын кабинет. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы 2027 жылы ҰБТ тапсыратын қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық тестілеу орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалардың хабарландырулары көбейген. Олар талапкерлерге "ҰБТ тапсырып беруді" немесе "тест тапсырмаларының жауаптарын ұсынуды" уәде етеді.

"Әрбір тест тапсырушыға жеке тест нұсқасы жасалатынын еске саламыз. Сонымен қатар ҰТО тестілеу жүйесіне сырттан әсер етудің алдын алуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздіктің барлық қажетті шарасын қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Орталық 2027 жылғы болашақ талапкерлерді барынша мұқият болуға шақырды. Оларға алаяқтарға сенбеу және кепілдендірілген нәтиже уәделеріне алданбау керектігі ескертілді.

"ҰБТ-ға өз бетіңізше дайындалыңыз, өз күшіңіз бен біліміңізге сеніңіз. Академиялық адалдық қағидаттарын бірге сақтайық!", - деп үндеу тастады Ұлттық орталық талапкерлерге.

"Өз бетінше дайындалыңыз": Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсырушыларға маңызды ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.