jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астанада 140 жылдық тарихы бар халықаралық мектеп ашылды

Астанадағы мектептің ашылуы
Астанадағы халықаралық мектеп. Фото: қалалық білім басқармасы

Астанада 140 жылдық тарихы бар жаңа халықаралық мектеп ашылды. 9 гектар аумақта орналасқан мектеп 3 400 оқушыға есептелген. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

Жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының қорытындысы аясында жүзеге асырылған.

Бұл – Қазақстандағы SABIS жүйесімен жұмыс істейтін алғашқы мектеп. Мұнда негізгі оқу тілі – ағылшын тілі, ал қазақ және орыс тілдері де оқытылады.

Мектептің құрылысына осы уақытқа дейін 30 млн доллар инвестиция салынған. Жалпы инвестиция көлемі 45 млн долларға дейін жетеді. Жоба аясында шамамен 100 жаңа жұмыс орны құрылды.

"Біздің мақсатымыз – Астанадағы отбасыларға Қазақстаннан шықпай-ақ сапалы халықаралық білім алуға мүмкіндік беру, SABIS-тің 140 жылға жуық тәжірибесін Қазақстанның ұлттық білім беру талаптары мен мәдени құндылықтарымен ұштастыру", - деді мектеп директоры Виктор Саад.

Айта кету керек, аталған білім беру желісі 1886 жылы құрылған. Қазір оның мектептері әлемнің 21 елінде жұмыс істейді. Астанадағы мектеп – Қазақстандағы алғашқы SABIS мектебі. SABIS International School – Astana кампусында оқу ғимараттарынан бөлек театр, жартылай олимпиадалық бассейн және спорт нысандары бар. Мектеп аумағында балабақшаға арналған жеке ғимарат та орналасқан.

Астанада 140 жылдық тарихы бар халықаралық мектеп ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.