jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Биыл күзде Қазақстанда ауа райы қандай болады: синоптиктер болжам ұсынды

Күзгі жапырақтар және күн сәулесі
Күзгі жапырақтар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер биыл күзге арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Елімізде күздің екі айында ауа температурасы нормадан жоғары болады деп күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, қыркүйекте ауаның орташа температурасы республиканың басым бөлігінде қалыпты шамада болады. Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде, Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында температура нормадан 1°С жоғары болады деп болжануда.

Ал Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде, Ақмола облысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында және Абай облысында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады.

Қазанда ауаның орташа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары болады. Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан және Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде температура қалыпты деңгейде сақталады.

Қазанда жауын-шашын мөлшері республиканың барлық аумағында қалыпты шамада болады деп күтілуде.

Қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде қалыпты деңгейден 1-2° жоғары болады деп болжануда. Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарының шығыс бөлігінде температура норма шамасында болады.

Қарашада жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде қалыпты шамада болады. Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының солтүстік жартысында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады.

Биыл күзде Қазақстанда ауа райы қандай болады: синоптиктер болжам ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.