Астана тұрғындары автобус пен LRT-да тегін жүре алады: нақты күні айтылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Құрылтай депутаттарын сайлау күні Астанада қоғамдық көлікпен жүру тегін болады. Бұған барлық автобус бағыты мен Tarlan Astana (LRT) кіреді, деп хабарлайды CTS-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"City Transportation Systems" ЖШС мәліметінше, 23 тамызда яғни ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлау күні Астана қаласындағы қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді.
Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.
"Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2413695-astana-turgyndary-avtobus-pen-lrt-da-tegin-zhure-alady-naqty-kuni-aityldy/
