jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда 45 жасқа дейінгі азаматтар үшін IT саласында тегін оқуға өтінім қабылдау басталды

Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам
Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстанда IT саласында тегін оқуға өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаға 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Tech Orda бағдарламасының бесінші маусымына өтінім қабылдау басталды.

"Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтары еліміздің барлық өңіріндегі аккредиттелген IT-мектептерде оқуға арналған ваучер алып, ең сұранысқа ие цифрлық мамандықтардың бірін меңгере алады.

Бағдарлама аясында қатысушылар офлайн форматтағы оқу үшін 500 000 теңгеге дейін, ал онлайн немесе гибридті форматтағы оқу үшін 400 000 теңгеге дейін номиналды ваучер ала алады", - делінген хабарламада.

Tech Orda – Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылатын Astana Hub бағдарламасы.

Оқу цифрлық индустрияның ең сұранысқа ие бағыттары бойынша қолжетімді:

  • жасанды интеллект;
  • киберқауіпсіздік;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
  • деректерді талдау;
  • Cloud & DevOps;
  • GameDev;
  • өнім менеджменті;
  • UI/UX-дизайн және басқа да мамандықтар.

Бағдарлама іске асырылған 2021-2026 жылдар аралығында 12,5 мыңнан астам қазақстандық білім алған. Түлектердің 90 пайызы жұмысқа орналасқан, оларды 1 287 компания жұмысқа қабылдаған.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінім 2026 жылғы 7 қыркүйекке дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты 1818 нөмірі арқылы алуға болады.

Қазақстанда 45 жасқа дейінгі азаматтар үшін IT саласында тегін оқуға өтінім қабылдау басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.