Қазақстандық колледждердің студенттері академиялық ұтқырлық аясында шетелдерде оқи алады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкімет отырысында колледж студенттері үшін жағымды жаңалық айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, еліміздегі 27 колледжде білім беру бағдарламаларының халықаралық салалық және кәсіби талаптарға сәйкестігін бағалау рәсімі өткізілді.
Аккредиттеу қорытындысы бойынша 134 педагог пен 347 студент халықаралық сертификатқа ие болды.
"Жыл басынан бері Қытай, Германия, Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Канада, Сингапур, Италия, Ұлыбритания және Швейцарияның колледждерімен академиялық ұтқырлық, халықаралық салалық аккредиттеу және басқа да бағыттар бойынша 80-ге жуық меморандум мен келісімге қол қойылды", - деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, жалпы Қазақстанда 763 колледж жұмыс істейді. Онда 556 мың студент білім алуда.
"Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студентті қабылдау жоспарланып отыр. Мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға арналған еді. Кәсіпорындардың өтінімдері негізінде 10 мыңнан астам студентті қабылдап, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру көзделген", - деп түйіндеді сөзін оқу-ағарту министрі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2414183-qazaqstandyq-kolledzhderding-studentteri-akademiialyq-utqyrlyq-aiasynda-shetelderde-oqi-alady/
