jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"13 мектепте жұмыс қарқыны баяу": Бектенов 100-ден астам мектептегі жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды

Мектеп
Мектеп. Иллюстрациялық фото: Uwe Anspach/Picture alliance/Getty Images

Премьер-министр Олжас Бектенов 100-ден астам мектептегі жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Бұл туралы ол 18 тамызда өткен үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкімет басшысы 1 қыркүйекте 47 жаңа мектеп, оның ішінде "Келешек мектептері" жобасы аясында 20 мектеп ашылатынын айтты.

"Өңір әкімдіктері оқу жылының басталуына қарай олардың толық функционалдық дайындығын қамтамасыз етсін. Үш ауысымды оқыту және оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешуде оң үрдіс бар. Өңірлер 2026 жылдың соңына дейін тағы 64 мектептің құрылысын аяқтауы қажет", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр оларды педагог мамандармен және оқу-техникалық базамен қамтамасыз ету мәселелерін қазірден шешу керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ үкімет басшысы 1 қыркүйекке дейін Қазақстандағы 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтаудың маңыздылығына тоқталды.

"Бірқатар өңірлерде 13 мектеп бойынша жұмыс  қарқыны баяу екенін атап өтемін. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар. Аталған өңір әкімдеріне жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын тікелей бақылауға алуды тапсырамын", - Олжас Бектенов.

Бұдан бөлек, премьер-министр әкімдіктерге қаржыландыру мәселелерін шешуді және мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыруды жеделдетуді тапсырды.

"13 мектепте жұмыс қарқыны баяу": Бектенов 100-ден астам мектептегі жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.