Атырау тұрғыны таңғы жетіде саябақта жалғыз жүрген үш жасар баланы көріп, полицияға хабарласты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырауда саябақтардың бірінде жалғыз жүрген баланы байқаған тұрғын полицияға хабарласты. Видеоға қарағанда, баланың үстінде киімі болмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, 16 тамыз, сағат 07:25-те Атырау тұрғыны қалалық саябақтардың бірінен кішкентай баланы байқаған. Бала жалғыз жүрген. Жанында ата-анасы немесе басқа да ересек адам болмаған.
Баланың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін түсінген ер адам дереу "102" нөміріне қоңырау шалған.
Шақырту түскен бойда оқиға орнына патрульдік полиция қызметкері Сұлтан Сапарғалиев жедел аттанды.
Полицей небәрі 10 минут ішінде саябаққа жетіп, үш жастағы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бейтаныс ортада жалғыз қалған бүлдіршінге ең алдымен қамқорлық пен жылы қарым-қатынас қажет еді. Тәртіп сақшысы баламен тіл табысып, оның көңілін аулап, өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасады.
Осы уақытта полиция қызметкерлері баланың ата-анасын анықтау жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай бүлдіршіннің анасы анықталып, бала аман-есен заңды өкіліне табысталды.
Полиция ата-аналарды кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың жүрген жерін үнемі бақылауда ұстауға шақырады.
Тәртіп сақтышалыр көшеде жалғыз жүрген немесе көмекке мұқтаж баланы байқаған тұрғындарға, дереу "102" арнасына хабарлауды сұрайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2414202-atyrau-turgyny-tanggy-zhetide-saiabaqta-zhalgyz-zhurgen-ush-zhasar-balany-korip-politsiiaga-habarlasty/
