jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бектенов шалғай ауылдардағы интернеттің жылдамдығы бойынша министрлік пен әкімдерге тапсырма берді

желі антеннасы
Телекоммуникация желісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов білім беру сапасы мен жасанды интеллектіні енгізуге цифрлық технологиялар тікелей әсер ететінін айтты. Үкімет басшысы Жасанды интеллект министрлігі мен әкімдіктерге шалғай ауылдарда жоғары жылдамдықты интернеттің болуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олжас Бектеновтің айтуынша, білім беру процесі нәтижелі болуы үшін барлық деңгейде цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді дамытуға ерекше назар аудару қажет.

"Мектептерде жоғары жылдамдықты интернеттің болуы – басым міндеттердің бірі. Жасанды интеллект министрлігі байланыс операторларымен және әкімдіктермен бірлесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің, әсіресе шалғай ауылдарда болуын қатаң бақылауда ұстасын. Жалпы алғанда, білім берудің барлық деңгейінде цифрлық технологияларды дамытуға және жасанды интеллектіні енгізуге, ең алдымен, білім беру сапасы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов үкімет отырысында.

Бектенов шалғай ауылдардағы интернеттің жылдамдығы бойынша министрлік пен әкімдерге тапсырма берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.