jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жетісу облысында "Taza Post – Алакөл" экологиялық акциясы өтті

"Taza Post – Алакөл"
Фото: gov.kz

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық идеологиясы аясында Алакөл ауданы Ақши ауылында "Taza Post – Алакөл" экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – Алакөл көлінің табиғи тазалығын сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және демалушыларды табиғатты қорғауға бағытталған нақты іске тарту. Экологиялық бастама арқылы көл жағалауындағы тазалықты қамтамасыз ету, табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту және тұрғындар мен демалушылардың экологиялық мәдениетін арттыру көзделді.

Акция барысында арнайы нүкте ұйымдастырылып, демалушыларға экологиялық бокс түріндегі қажетті құралдар ұсынылды. Бокстардың құрамына қоқыс жинауға арналған қолғаптар мен қаптар енгізіліп, балалар үшін шағын сыйлықтар да қарастырылды.

Қатысушылар берілген құралдарды пайдалана отырып, Алакөл көлінің жағалауы мен оған іргелес аумақтардағы шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарына атсалысты. Демалушылардың белсенді қатысуы қоршаған ортаны таза ұстау мәселесіне деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті.

"Taza Post – Алакөл"
Фото: gov.kz

"Іс-шара барысында қатысушыларға қоршаған ортаны ластамау, қоқысты арнайы орындарға тастау және демалыс орындарын бастапқы тазалық күйінде сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте акция тек бір күндік тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық жауапкершілікті күнделікті әдетке айналдыруға бағытталды", - деп атап өтті Жетісу облысы бойынша "Қазақстан студенттерінің альянсы" омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.

"Taza Post – Алакөл"
Фото: gov.kz

"Taza Post – Алакөл" акциясы аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көл жағалауының бірқатар аумақтары қоқыстан тазартылып, демалыс орнының санитарлық және эстетикалық жағдайын жақсартуға үлес қосылды.

Жетісу облысында "Taza Post – Алакөл" экологиялық акциясы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.