jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Кей мектептер балаларды бірінші сыныпқа қабылдаудан бас тартқан: Оқу-ағарту министрлігі себебін айтты

бірінші сынып
Бірінші сынып оқушылары. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова үкіметте өткен брифингте кей мектептер ата-аналарға баласын бірінші сыныпқа қабылдаудан неліктен бас тартқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер мамырда, яғни 1-сыныпқа өтініш қабылдау басталған кезде, желіде Астанадағы мектептердің толып кетуіне және орын жетіспеушілігіне байланысты ата-аналарға бас тарту туралы хабарлама келгенін атап өтті. БАҚ өкілі қазір жағдай қалай екенін сұрады.

"2026 жылы 1-сыныпқа қабылдау платформа арқылы ұйымдастырылды. Бастапқыда техникалық мәселелер болды. Оның ішінде құжаттардың дұрыс ұсынылмауына байланысты бас тарту туралы жауаптар кездесті. Бірақ қазір бәрі реттелді", - деп сендірді Шынар Ақпарова.

Оның айтуынша, биыл бірінші сыныпқа шамамен 380 мың баланы қабылдау жоспарланып отыр.

"Өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Сондықтан барлық бала өтініштердің түсуіне қарай 1-сыныпқа қабылданады. "Білім туралы" заңда 1-сыныпқа қабылдау білім беру ұйымдарына қабылдау қағидалары негізінде жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Иә, ата-ана білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Бұл жалпы ереже заңмен белгіленген, бірақ қабылдау тәртібін айқындайтын қағидалар бар. Егер білім беру ұйымының жобалық қуаты баланы қабылдауға мүмкіндік бермесе, мектеп оны қабылдай алмайды. Себебі сақталуға тиіс белгілі бір санитарлық талаптар бар", - деп түсіндірді спикер.

Оның мәліметінше, балалар жақын маңдағы мектептерге ата-ана қалауы ескеріле отырып қабылданады.

Кей мектептер балаларды бірінші сыныпқа қабылдаудан бас тартқан: Оқу-ағарту министрлігі себебін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.