jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда полиция жұмысы күшейтілді. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында көшелерде, аулаларда және адамдар көп жиналатын орындарда патруль қызмет етеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында полицияның кешенді күштері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшірілді.

Абай алаңында бірыңғай саптық тарату өтіп, жеке құрамның, қызметтік автокөліктер мен арнайы техниканың дайындығы тексерілді.

Полиция көшелерде, адамдар көп жиналатын орындарда, аулаларда және ерекше назарды қажет ететін аумақтарда патрульдеуді күшейтеді.

"Жеке құрамның алдына нақты міндеттер қойылды – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, кез келген заңға қайшы әрекетті дер кезінде тоқтату. Қазірдің өзінде жасалған құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету ғана емес, қауіптің алдын алып, озық жұмыс істеу маңызды. Әр қызметкер Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігіне жауапкершілігін нақты түсінуге тиіс", - деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.