Астанадағы көшелердің бірінде жол бірнеше күнге ішінара жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
А.Кравцов көшесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты 19-22 тамыз аралығында қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, А.Кравцов көшесінің Ш.Уәлиханов көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі бөлігінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 19-22 тамыз аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Көліктер жолдың бір жағымен екі бағытта да жүре алады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2414747-astanadagy-koshelerding-birinde-zhol-birneshe-kunge-ishinara-zhabylady/
