jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алаяқтар ЖИ арқылы туыстарының дауысын айнытпай салады: оған кім жиі алданады

телефонмен сөйлесу
Телефонмен сөйлесіп тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Талант Қалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар алаяқтардың арбауына қалай түсетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Талант Қалиев алаяқтардың әлеуметтік инженерияны белсенді қолданып жатқанын атап өтті.

"Қаскөйлер жасанды интеллектіні пайдаланып, туысыңыздың дауысын салып, қиын жағдайға тап болғанын хабарлайды. Мысалы адам жол-көлік оқиғасына түсті немесе басқа да келеңсіз жағдайға тап болды деп айтуы мүмкін. Ол шұғыл түрде ақша керек деп сұрайды.

Мұндай тұзаққа көбінесе егде жастағы адамдар түседі. Олар өздеріне балалары немесе немерелері хабарласып тұр деп ойлайды. Таныс дауысты естіген соң, бірден көрсетілген нөмірге ақша аударады", - дейді спикер.

Прокурор қазақстандықтардан мұндай жағдайда қоңырауды бірден үзіп, жақындарына қайта хабарласуды сұрайды. Олардың жағдайын тексеріп алу қажет.

"Ақшаны бірден аударудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда тек дауысқа сенуге болмайды. Туысыңызға өзіңізге белгілі нөмір бойынша қайта хабарласып, оған шынымен көмек керек пе, жоқ па, соны анықтап алу қажет", - деп кеңес берді ол.

Алаяқтар ЖИ арқылы туыстарының дауысын айнытпай салады: оған кім жиі алданады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.