Алматыдағы Үшкемпіров көшесінде көлік қозғалысы қашан қайта жанданатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыдағы Үшкемпіров көшесіндегі учаске 20 тамыз сағат 20:00-де ашылуы мүмкін. Оған дейін бұл жерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty Joly-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы Almaty Joly арнасының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты қазіргі уақытта Үшкемпіров көшесінің Алаша көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс уақытша шектелген.
"Аталған учаскеде қиыршық тасты-мастикалық тығыз асфальтбетон қоспасынан жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Учаскені 20 тамыз сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.
"Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, орнатылған жол белгілерінің талабын сақтауды және балама бағыттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2414831-almatydagy-ushkempirov-koshesinde-kolik-qozgalysy-qashan-qaita-zhandanatyny-belgili-boldy/
