jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Аманатқа қиянат жасамайық": бас мүфти желіде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бас мүфти құрбан айт қарсаңында сұрақтарға жауап берді
Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас мүфти отбасында жәбір көретін әйелдерге қатысты мәлімдеме жасады.

"Кейде қоғамда болып жатқан кейбір оқиғаларды естігенде жүрегің ауырады. Әсіресе отбасының ішінде әйел адамның жәбір көріп, қорлыққа ұшырауы жанға батады.

Әйел – бір шаңырақтың шырағы. Біреудің аялап өсірген қызы, біреудің асыл анасы, біреудің сүйікті жары. Ол жаңа түскен шаңырағына қорғаныш пен жылулық іздеп келеді. Сондықтан ер азаматтың міндеті – оған қорқыныш емес, қамқорлық сыйлау.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы болғандарың" деген. Осы бір өсиеттің өзінде үлкен мән бар.

Ер адамның күші жұдырығында емес. Нағыз күш – ашуға ерік бермей, сабыр сақтай білуде. Жаныңдағы жанды жылатпай, керісінше оған сүйеніш болуда", - деді ол.

Бас мүфти ерлер қауымын әйелдерге қорған болуға шақырды.

"Ашу басылады. Ұрыс та ұмытылады. Бірақ ашумен көтерілген қол мен айтылған ауыр сөз адамның жүрегінде ұзақ уақытқа із қалдыруы мүмкін. Кейде сол бір сәттік ашудың өкініші өмір бойына жетеді.

Отбасы – адам өзін ең қауіпсіз сезінетін мекен болуы керек. Әйел өз үйінде қорқып емес, қадірленіп өмір сүруге тиіс.

Қыз баласын аялап өсіріп, ақ босағадан үлкен үмітпен шығарып салған әрбір әке мен ананың тілегі біреу – "Барған жерінде бақытты болсын".

Сол аманатқа қиянат жасамайық. Әйелді жылату – азаматтық емес. Әйелге қорған болу – ердің міндеті", - делінген жазбада.

"Аманатқа қиянат жасамайық": бас мүфти желіде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.