jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жаңа кіреберіс пен жаңартылған терминал: Алматы әуежайында не өзгереді

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстер терминалы жаңғыртылып, жаңа кіреберіс тобы салынып жатыр. Әкімдік өкілдері жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлағандай, қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстер терминалын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып қайтқан.

Әкімдік мәліметінше, қайта жаңарту жұмыстары терминалдың барлық бөлігін қамтиды. Мұнда еден жабыны мен төбе, желдету және электрмен жабдықтау жүйелері, жолаушыларды тіркеу және багажды қабылдау аймақтары жаңартылып жатыр.

Жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды қайта жаңартылып жатқан ұшаққа отырғызу залын, балалар алаңын және жаңа қоғамдық тамақтану орны орналасатын террасаны аралап көрді. Сондай-ақ гейттерді жалғайтын жаңа көпірдің жобасымен танысты.

Негізгі жұмыстарды қыркүйектің соңына дейін аяқтау жоспарланған. Одан кейін ішкі және халықаралық терминалдарды байланыстыратын дәлізді көркейту жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыстарды қазан-қараша айларында аяқтау көзделіп отыр.

Сондай-ақ әкім әуежайдың жаңа кіреберіс бөлігінің құрылыс барысын көрді.

Дархан Сатыбалды сапа талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Жаңғыртылған әуежай Алматының басты әуе қақпасы мәртебесіне сай болып, жолаушыларға заманауи әрі жайлы қызмет көрсетуге тиіс.

Жаңа кіреберіс пен жаңартылған терминал: Алматы әуежайында не өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.