jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстан әуежайларының отырғызу талондарына жаңа маңызды ақпарат енгізілді

Отырғызу талоны
Отырғызу талоны. Скриншот: Бас көлік прокуратурасы

Қазақстан әуежайларындағы отырғызу талондарында қылмыстық жауапкершілік туралы маңызды ескерту жазыла бастады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бас көлік прокуратурасының сайтында хабарланғандай, халықаралық әуежайлардың отырғызу талондарының артқы бетінде алдын алу материалдары орналастырылды. Онда жолаушыларға терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ белгілі бір заттарды тасымалдауға тыйым салынғаны ескертіледі.

Енді жолаушылар отырғызу талонын алған кезде бомба туралы ойланбай айтылған "әзілдің" өзі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін екендігі жөнінде қосымша ақпарат алады. Сонымен қатар жадынамада тасымалдауға тыйым салынған заттар, соның ішінде кастеттер, атыс қаруы, оқ-дәрілер және басқа да қауіпті бұйымдар туралы мәлімет берілген.

Жаңа профилактикалық бастамаға әлеуметтік желі қолданушылары назар аударып үлгерді. Отырғызу талондарындағы ескертулер туралы блогер Айдархан Мейірхан айтып берді.

Қазіргі уақытта бұл тәжірибе Астана, Алматы, Түркістан мен Қарағанды халықаралық әуежайларында енгізілді. Жақын арада мұндай алдын алу материалдарын елдің басқа әуежайларында да орналастыру жоспарланып отыр.

Бұл бастама көлік және авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолаушылардың жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Қазақстан әуежайларының отырғызу талондарына жаңа маңызды ақпарат енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.